menu

Ерікті еңбек мигранттарына арналған медициналық сақтандыру




Есептелген медициналық сақтандыру – Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге арналған ерікті медициналық сақтандырудың бір түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы «Халық миграциясы туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық келісімдері бойынша шетелдік қызметкерлер есептелген медициналық сақтандырудың типтік келісім-шарты негізінде, қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігімен келісілген, өкілетті орган бекіткен шарттарда медициналық қызметтер алады.


23 қараша 2015 жылғы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабының 1-бөлігінің 6-тармақшасына сәйкес (01.07.2023 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалармен еңбек келісім-шартын жасау және жұмысқа қабылдауды келесі шартпен шектейді және тыйым салады: оларда бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен шұғыл жағдайдағы стационарлық шарттарда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ететін есептелген медициналық сақтандыру келісім-шарты болмауы тиіс.



Есептелген ерікті медициналық сақтандыру келісім-шартын онлайн түрде (https://im.interteach.kz/purchase/) немесе компанияның офисінде келесі мекен-жай бойынша сатып алуға болады: Алматы қаласы, Назарбаев проспектісі, 269. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, 08:00-ден 17:00-ге дейін.



Телефон арқылы ақпарат алу: +7 747 094 46 09 немесе сұрау салуды жазып жіберіңіз: interteach@interteach.kz


Новости компании