Еуропротокол
Еуропротокол
Қазақстанда Еуропротоколды енгізу шеңберінде жол-көлік оқиғасынан кейінгі сақтандыру төлемдері жылдамырақ және ыңғайлырақ рәсімделеді.
Еуропротокол - жол полициясы қызметкерлерін шақырусыз жол-көлік оқиғасын рәсімдеудің жеңілдетілген тәртібі, оқиғаны тез тіркеуге және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қолдану шарттары
- ЖКО-да жәбірленушілер болмауы тиіс;
- Тек екі автокөлік қатысуы тиіс;
- Зақым тек ЖКО-ға қатысқан автокөліктерге ғана тиуі тиіс;
- Зиян заңмен белгіленген ең жоғары соманы (100 АЕК-ке дейін) аспауы тиіс;
- Екі тарап та полицейсіз ЖКО рәсімдеуге келісуі тиіс.