Interteach
Interteach
ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ

Шетелге шығатындарды сақтандыру

Саяхатшылар, туроператорлар және спортшылар үшін сенімді қорғаныс. Шетелде жас шектеуінсіз медициналық және сервистік қызмет көрсету кепілдігі.

Шетелге шығатындарды сақтандыру

Біздің артықшылықтарымыз

  • Тәулік бойы Call center +7 (727) 3 200 206
  • Сенімді халықаралық серіктес — Remed Assistance ассистанс компаниясы
  • Тиімді тарифтер
  • Жас шектеулерінің жоқ болуы
  • Медициналық сақтандыру мен қызмет көрсетудегі 29 жылдық тәжірибе
  • Interteach полисі — шетелде медициналық ем алудың кепілі

Туроператорларға

Құрметті клиенттер мен серіктестер! Сақтандыру полисі туристтік компания клиенттеріне саяхат кезінде туындауы мүмкін көптеген мәселелерді шешуге және күтпеген қаржылық шығындарды болдырмауға көмектеседі. Біз қажетті көмектің уақытында көрсетілуіне кепілдік береміз. Үйден жырақ жүрсе де, клиенттеріңіз кез келген жағдайда өзін сенімді сезінеді.

Interteach туристік компанияларға икемді тарифтік жоспарларды ұсынады. Сақтандыру түрлері:

  • шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру;
  • Қазақстан бойынша саяхаттаушыларды сақтандыру;
  • Қазақстан Республикасына келетін азаматтарды сақтандыру.

Interteach сақтандыру полисінің шарттарында жас шектеулері жоқ, саяхатшылардың санына, жасына және сапардың сипатына байланысты икемді жеңілдіктер жүйесі қолданылады.

Спорт федерацияларына

Спортшыларды, жаттықтырушыларды және қызмет көрсету персоналын медициналық сақтандыру саласында ынтымақтастықты ұсынамыз.

Біз мамандандырылған медициналық компаниямыз. Клиенттерімізді бүкіл әлем бойынша сақтандырудың жоғары деңгейін ірі әлемдік сервистік компаниялармен серіктестігіміз қамтамасыз етеді.

Әріптестік ынтымақтастық аясында спортшыларды жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде (тәулігіне 24 сағат) сақтандыруды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар әзірленді.

Өтінім қалдыру